Президент кеңсесі бастығы Қасымбековтің өкілеттігі ұзартылды

0
80
Саясат

Қысқа сілтеме алу

27 0 0

Махмұд Қасымбековтің өкілеттігі 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды

АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев президент кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтің өкілеттігін ұзартты. Президенттің өкімі Ақорда сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес Қазақстан Республикасы президенті кеңсесінің бастығы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің өкілеттігі 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды», — делінген ресми құжатта.

Махмұд Қасымбеков туралы не білеміз?

Махмұд Қасымбековтің жасы 66-да. Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын орта мектепте бастаған, 80 жылдардың соңында Қазақстан коммунистік партиясының орталық комитетінде қызмет етті. 1996 жылы Қазақстан президенті кеңсесінің меңгерушісі болды, ал 2004 жылы кеңсе бастығы болып тағайындалған.


©
Foto : ҚР Тұңғыш президентінің кітапханасы

Президент кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков пен Әзербайжан президентінің көмекшісі Али Гасанов

Қасымбеков ғылым, техника және білім саласы бойынша Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Құрмет» ордені және басқа марапаттардың иегері.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/