Президент Ішкі істер министрінің орынбасарын лауазымынан босатты

0

Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Қақашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Айдос Рысбаев 1974 жылы 11 наурызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған.

Білімі бойынша мамандығы: заңгер

1996 жылдың қараша айынан бастап 1997 жылдың қазан айына дейін Қарулы Күштер қатарында болған.

1998 жылдың 09 сәуірінен бастап Ақмола қаласы ІІБ Шығыс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше инспекторы.

2001 жылдың 29 қыркүйегінен бастап Астана қаласы ІІБ Алматы ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі.

2003 жылдың 13 наурызынан бастап Астана қаласы ҚІІБ Алматы ауданы ІІБ тонау және қарақшылықты ашу бөлімшесінің жедел уәкілі.

2003 жылдың 7 тамызында Астана қаласы ҚІІБ Алматы ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі.

2005 жылдың 30 маусымынан бастап Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы.

2008 жылдың 24 шілдесінен бастап Астана қаласы ІІД Алматы АІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары.

2010 жылдың 01 қарашасынан бастап Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы.

2012 жылдың 26 қаңтарынан бастап Астана қаласы Ішкі істер департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары.

2014 жылдың 4 қыркүйегінен бастап Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.

2016 жылдың 13 қаңтарынан бастап Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы полиция басқармасының бастығы.

2019 жылдың 5 маусымынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2022 жылдың мамыр айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы болды.
фото: gov.kz