президент халықаралық ақпарат агенттігіне сұқбат берді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Президент әлеуметтік, қаржы-экономикалық және инвестициялық мәселелер бойынша бірқатар сұраққа жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Bloomberg халықаралық ақпарат агенттігіне сұқбат берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook -тегі парақшасында хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы дамуы туралы көзқарасымен бөлісті. Әлеуметтік, қаржы-экономикалық және инвестициялық мәселелер бойынша бірқатар сұраққа жауап берді. Сұқбаттың дені Қазақстанның сыртқы саясатына, аймақтық күн тәртібіне және АҚШ-пен екіжақты өзара іс-қимылдарға арналды», — деп жазды ол.

Бұған дейін мемлекет басшысы Euronews арнасына сұқбат берген болатын. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кету шешімі мен елдегі митингілер жайлы айтты.

Берік Уәлидің айтуынша, Bloomberg-те шыққан сұқбаттың бейнежазбасы BloombergTelevision телеарнасынан көрсетіледі. Сондай-ақ, апталық аудиториясы 4 миллион болатын Bloomberg сайтына да орналыстырылады.



sputniknews.kz