Президент Бибісара Асаубаеваны Азияның үздік шахматшысы атануымен құттықтады

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны Азияның үздік шахматшысы атануымен құттықтады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы атанғаны хабарланған болатын.