Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі тағайындалды — Ел жаңалықтары
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мақсат Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 2017 жылы сәуірде Мақсат Мұханов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған еді.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz