президент әкімшілігіне жаңа басшы келді

Саясат
Қысқа сілтеме алу
Бұған дейін президент әкімшілігін Бақытжан Сағынтаев басқарған еді
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қырымбек Көшербаев президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарланды.
«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын», — деп жазылған мемлекет басшысының жарлығында.
Бұған дейін президент әкімшілігін Бақытжан Сағынтаев басқарды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
sputniknews.kz