Президент 5 баланың өлімі туралы: Бұл бүкіл елдің басына түскен трагедия

0

Кеше Жамбыл облысы Жаңатас қаласында бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға орын алды. 5 бірдей бала үйдегі өртте өлім құшты.

Президент Жаңатас қаласындағы қайғылы оқиғадан қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы Берік Уәли жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласындағы өрттің салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғысымен бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына көңілін білдірді.

Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-анасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді.