Премьер қызметіндегі алғашқы сапары: Мишустин Алматыға келді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Ресей үкіметінің төрағасын әуежайда Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин мен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар — Sputnik. Ресей Федерациясының басшысы Михаил Мишустин Алматығы ұшып келді.

Ресей премьер-министрінің сапарын «Sputnik Таяу шетел» Telegram-каналы жариялады. Видеода Михаил Мишустин Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен ұшақтан түсіп келе жатқан сәті түсірілген.

Ресей үкіметінің төрағасын премьер-министр Асқар Мамин бастаған қазақстандық делегация қарсы алды.

Алматыда 31 қаңтарда Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы өтеді, оған ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері қатысады.

Тағы оқыңыз: Ресей үкіметі отставкаға кетті

Отырыста ЕАЭО-ны дамыту, оның нормативтік-құқықтық базасын әрі қарай жетілдіру мәселелері талқыланады.

Еске сала кетсек, бұл Михаил Мшустиннің Ресей үкіметінің басшысы қызметіндегі алғашқы сапары.

Мишустин Ресей президентінің жарлығымен 16 қаңтарда премьер-министр болып тағайындалды.



sputniknews.kz