Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов туралы не білеміз?

0

Әлихан Смайылов 2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі болып тағайындалды

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдайды. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.

Отбасы

Әлихан Смайылов үйленген, екі баласы бар.


©
Sputnik / Болат Шайхинов

Әлихан Смайылов

Еңбек өтілі

  • «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы (1993-1995);
  • Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы (1996-1998);
  • Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары (1998)
  • Президент әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор (1998-1999);
  • Статиститка агенттігінің төрағасы (1999-2003);
  • Сыртқы істер вице-министрі (02.2003-2003);
  • «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы (2003-2006);

Тағы оқыңыз: Министр Мадина Әбілқасымова қызметінен кетті

  • Қаржы вице-министрі (2006-2007);
  • «ҚазАгро» Ұлттық холдинг президенті (2007-2008);
  • Қаржы вице-министрі (2008-2009);
  • Статистика агенттігінің төрағасы (2009-2014);
  • Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы (2014-2015);
  • Қазақстан президентінің көмекшісі (2015-2018);
  • Қаржы министрі (2018-2019).

Служба центральных коммуникаций

Әлихан Смайылов

Марапаттары

«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдері.

«1 рангты кеңесші» дипломатиялық рангы бар. 

Тағы оқыңыз: Сағадиевтің орнына кім келді?



sputniknews.kz