Премьер-Министр Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

0
75

2018 жылғы 14 қараша 10:30 9

Премьер-Министр Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Таразға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Үкімет басшысының сапар бағдарламасында бірқатар өнеркәсіптік өндірістерге, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарға баруы жоспарланған.

Атап айтқанда, Премьер-Министр азық-түлік өндірісі кәсіпорындарын, «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында жаңа 15-ші шағынауданның құрылысын, дарынды балаларға арналған IT-лицей-интернатын, қалалық Жұмыспен қамту орталығын, Политехникалық колледжді, Қайрат Рысқұлов атындағы жаңартылған саябақты көреді.