Премьер-министр вакцинадан бас тартты

0
584

Камбоджада вакциналау басталды. Елдің премьер-министрі Хун Сеннің үлкен ұлы мен министрлер екпені алғашқылар қатарында қабылдады.

Үкімет басшысы жасына байланысты егілуден бас тартқан. Бұл туралы 24.kz жазды.

Хун Сен қазір 68 жаста. Қытай Камбоджаға өткен аптада «Синофарм» вакцинасының 600 мың дозасын тегін жеткізіп берген. Қалған 400 мың доза жақын арада әкелінеді.

16 миллион тұрғыны бар Камбоджада індет басталғалы 478 адам ғана індетке шалдыққан. Бір де бір қайғылы жағдай тіркелмеген.

Хун Манет, жергілікті тұрғын:

– Біріншіден, еш жерім ауырған жоқ. Екіншіден, екпеден кейін одан сайын сенімді бола бастадым. Бойымда ковидке қарсы мықты қорғаныс пайда болғандай. Сіздер де егіліңіздер, тек сонда ғана бәріміз індетті тоқтата аламыз.