премьер-министр қазақстандықтарға есепшот ашуды тапсырды

0
11

Қазақстан премьер-министрі табысынан айырылған азаматтарға  есепшот ашу жұмысын қолға алу қажеттігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге көлемінде төлем алуы үшін оларға есепшот ашуды тапсырды.

«Премьер-министр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандар төлем алуы (42 500 теңге) үшін азаматтарға есепшот ашу жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті», – делінген үкімет басшысының ресми сайтында.

Мемлекеттік комиссия мектеп оқушыларының төртінші тоқсанда қашықтан оқу мәселесін қарастырды.

«Білім және цифрлық даму министрліктеріне қашықтан оқыту процесіне мониторинг жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетуді тапсырамын», — деді Мамин.

42 500 теңге төлемді қалай алуға болады

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріне төлем алуға өтініш беру үшін қосымша сервис іске қосылды.

Ол үшін не істеу керек:

  • https://42500.enbek.kz сайтына кіру;»42 500 жәрдемақы алу» дегенді таңдау;
  • өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, email көрсетілген форманы толтыру;
  • форманы жіберу;
  • жүйе телефон нөмірін көрсетуді сұрайды;
  • SMS хабарлама арқылы жіберілген кодпен телефон нөмірін растау;
  • Өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы деректерді тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемді тағайындау және төлеу туралы ақпарат жіберіледі.



sputniknews.kz