Премьер-министр өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысымен танысты

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барып, 2020 жылы өтетін Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Сапар аясында премьер-министр жаңа «Болашақ сарайы» балалар және жасөспірімдер сарайының құрылыс алаңына барды, онда 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумының басты іс-шараларын өткізу көзделген. 

Асқар Маминнің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамытуға мықты серпін беріп, бизнес-қауымдастықтардың өзара іс-қимыл аясын сапалы кеңейтуге жол ашады.

Тағы оқыңыз: Мамин: арендалық баспананың құны екі есе артады

Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған қыш кірпіш өндіретін ENKI кәсіпорнында үкімет басшысы өндірістің автоматтандырылған процесі мен шығарылатын өнімдер түрлерімен танысты. Зауытта жыл сайын 60 миллионға жуық қыш кірпіш шығарылады. Өндіріс көлемін 90 миллионға дейін ұлғайту мәселесі қаралды.

Облыс орталығында Асқар Мамин жаңадан салынып жатқан «Сарыарқа» шағын ауданына барып, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Биыл шағын ауданда 245 пәтерден тұратын 6 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталды. 2025 жылға қарай ауданы 1 миллион шаршы метр болатын 233 көппәтерлі тұрғын үй, 2 мектеп, спорт кешенін пайдалануға беру көзделген.

Асқар Мамин өңірде автожолдарды дамытудың қазіргі көрсеткіштері және жоспарларымен танысты. Ұзындығы 80 шақырым болатын Щучинск – Зеренді жолын реконструкциялау жобасы аяқталды. Жалпы, өңірде жергілікті маңыздағы 400 шақырымнан астам жолдың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын қолға алу жоспарланып отыр.

Ақмола облысының Бұланды және Бурабай аудандарында премьер-министрге ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы баяндалды. 2019 жылы 10,3 миллиард теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылмақ.

Тағы оқыңыз: «Наразылық болмайды»: Мамин үкіметтің сайлаудан кейінгі жұмысы туралы айтты

Үкімет басшысы өңір экономикасын дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жүйелі көзқарасты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық құжаттарда алға қойған мақсаттарына уақытылы қол жеткізу және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларының орындалуы үшін күш-жігерді жұмсау керектігін айтты.



sputniknews.kz