Премьер-министр мен оның орынбасарлары жаңа лауазымға ұсынылды

0

Үкімет хабарламасына сүйенсек 2019 жылдың 28 наурызында қабылданған №146 қаулыға өзгеріс енгізілмек. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd компаниясының директорлар кеңесінің құрамы жайлы» деп аталатын бұл құжаттың 1 бөліміне келесі өзгертулер енгізіледі.

«Заңдық негізде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd компаниясының директорлар кеңесіне тағайындау ұсынылсын:

  • Смайылов Әлихан Асханұлы – премьер-министр, төраға;
  • Скляр Роман Васильевич – премьер-министрдің бірінші орынбасары;
  • Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы – премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі;
  • Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы – премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі.

Еске салайық, бұған дейін Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd компаниясының Түркістандағы «Керуен Сарай» мен Rixos Aktau қонақүйіне қанша қаржы құйғаны туралы жазған едік.