«Пошел ты нақой, мразь!..»: Талғат Рысқұлбек жер мәселесін көтеруді сұрап хат жазған белсендіні боқтап тастаған

0

Әлеуметтік желі бетінде тағы біраз шу-шұрқанға арқау болатын әңгіме басталған сыңайлы. Кешелі-бері желі қолданушылары «ЕЛ мен Жер» қозғалысының бастамашыл тобының мүшесі әрі қоғам белсендісі Талғат Қатауов пен оның аттасы Талғат Рысқұлбектің арасында болған жанжалды сөз етіп жатыр. Нақтысын айтар болсақ, Қатауов мырза Талғат Рысқұлбекке жер саудасы бойынша мәселе қозғап, үн көтеруін сұрап өтініш жасаған. Ал оған аттасы «пошел ты нақой, мразь!..» деп бірақ қайырған.

«ЕЛ мен Жер» қозғалысының бастамашыл тобының мүшесі Талғат Қатауовтың жазуынша, арнайы хат жазып Рысқұлбекті жер мәселесіне араластырмақ болған.

«Талғат Рысқұлбектің жер дегенде үні өшіп, маскасы шешіліп қалды
Елдің алдында халықшыл, ақылшыл болғанымен, Талғат Рысқұлбек ешқашан жер мәселесін айтпаған, жазбаған.

Алладан ғана қорқу керек болса, діндар Талғат Рысқұлбек биліктен қатты қорқатынына осы сөзім нақты дәлел.

Ал жоқ тек құдайдан ғана қорқамын десе, жазғаным өтірік болса, Жеріміздің шетелдіктерге 25 жылға жалға берілуіне өз наразылығын пост етіп жазып көрсін, иманы жетсе!», », — деп жазыпты өзінің facebook парақшасында.

Айтпақшы, діндар бауыры Талғат Рысқұлбекке жолдаған ашық хаты мынадай мазмұнда болған:

АШЫҚ ХАТ!

Талғат Рысқұлбек, мықты ақиқатшыл, халықшыл болсаңыз, жер мәселесіне келгенде үніңіз неге өшіп қалады?!

Мықты адвокатпын, қазақ қыздарын қорғаймын депсіз. Онда Жер кодексін жақсы біледі деп ойлаймын. Жер кодексінің 24-бабында: «Жеріміз шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі» деп нақты жазылған. Жеріміз шетелдіктерге 25 жылға жалға берілсе, қытай келетінін жақсы білесіз. Сонда сіз қорғап отырған Жайна қарындасыңыз немесе өзіңіздің қызыңыз, қарындасыңыз қытайға құл болатынын ұмытпаңыз!

Ол қытайлар сіздіңде үніңіз өшіріп, Ислам дінін ұмыттырып, күштеп буддаға кіргіздіріп, тасқа табынып кетерсіз 25 жыл ішінде.
Мықты халықшыл болсаңыз, құдайдан ғана қорықсаңыз, биліктен қорықпай жер мәселесін жазыңыз! Көрейік батырлығыңызды.
Құрметпен, Талғат Қатауов — «ЕЛ мен Жер» қозғалысының бастамашыл тобы мүшесі.

Түсінгеніміз, аттасы бұл хатқа жауап бермеген. Сосын оның жеке парақшасына шығып «Талғат Рысқұлбек, жер мәселесін неге жазбайсыз?» деп сауал тастаған. Ал оның жауабы басында жазғанымыздай болып шыққан: «Пошел ты нақой, мразь! Сені өзім-ақ тауып алармын. Уралскте болсаң, тем более!»

«Талғат Рысқұлбекке «Жер мәселесін неге жазбайсыз» деп едім, биліктен қорқып, мені боқтап, үні өшіп қалды.

Таза тақуа, құдайшыл болса, менің мәдениетті де сыпайы сұрағыма сабырмен жауап беру керек еді. Және діндар болса, тек бір Алладан қорқып, биліктен еш қорықпау керек. Оралдан тауып алам деп герой болады, бірақ тел номерін беруге, өзі соғуға қорқады.

Осыдан Талғат Рысқұлбековтің құдайдан емес, жер мәселесін айту үшін биліктен қорқатынын аңғаруға болады.

Енді кімнің кім екенін білдіңдер!», — деп жазған Талғат Қатауов өзінің парақшасында.