Португалияда автобус апатқа ұшырады: 29 адам қаза болды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

25 0 0

Қайғылы оқиғадан кейін үкімет үш күндік қаралы күн жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Португалиядағы Мадейра аралында туристер мінген автобус жол апатына түсті. Салдарынан 29 адам мерт болып, тағы 27-сі зардап шеккен, деп хабарлайды РИА Новости.

Қаза болғандардың барлығы Германиядан келген туристер екен. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, автобус жүргізушісі мен гид (екеуі де португалиялық) жарақат алған.

Қайғылы оқиға сәрсенбі күні 18:30 шамасында (астана уақытымен 23:30) болды. Жүргізуші рөлге ие бола алмағандықтан, автобус жолдан шығып кетіп, үйдің төбесіне құлаған.

Жергілікті БАҚ көлік ішінде ең кемі 51 адам болды деп хабарлап жатыр.

Португалия премьері Антониу Кошта твиттердегі парақшасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ, Германия канцлері Ангела Меркельге де көңіл айтқан.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы да 3 автобус соқтығысты – жантүршігерлік апаттың видеосы шықты  

Прокуратура қазір тергеу жүргізіп жатыр. Трагедиядан кейін Мадейра үкіметі үш күндік қаралы күн жариялады.



sputniknews.kz