Порошенко мен Зеленскийдің командасы дебатты 19 сәуірде өткізуге келісті

0

Украина президенттігіне кандидат Петр Порошенко мен Владимир Зеленскийдің командалары дебатты 19 сәуірде өткізуге келісті. Бұл туралы Порошенко штабының өкілі Олег Медведев хабарлады.

Оның сөзінше, екі тарап қазір қауіпсіздік мәселелері мен дебаттың регламенттерін ақылдасып жатыр. Медведев «Порошенко мағыналы дискуссия болғанын қалайды, ал Зеленский дебатты шоу форматында өткізгісі келеді» деді.

  • Сайлаудың екінші кезеңіне өткен соң Зеленский Порошенконы дебатқа шақырған. Порошенко бірден келісім берген. Дебат 14 сәуірге белгіленіп, Киевтегі «Олимпиский» стадионы дебат өтетін жер ретінде таңдалған.
  • 14 сәуірге белгіленген дебатқа Порошенко келген. Бірақ Зеленский «дебатты өз мақсатына пайдаланғысы келетін күштер бар» деп стадионға келмеді. Порошенко жақтастарының алдында сөз сөйлеп, журналистерге сұхбат берген.
  • Саулаудың бірінші кезеңінде дауыс берушілердің 30 пайызы Зеленскийді, 15 пайызы Порошенконы қолдаған. Киев халықаралық институтының сауалнамасының нәтижесі бойынша, екінші кезеңде сайлаушылардың 72 пайызы Зеленскийге дауыс беруге дайын.
  • Украина президенті сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірде өтеді.

Azattyq