Порошенко мен Тимошенко қолдарына қару алып, Украинаны қорғамақ

0

Украинаның бұрынғы премьер-министрі, «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенконың қолында автомат ұстаған суреті жарияланды.

 «Юлия Тимошенконың да автоматы бар» делінген басылымның Telegram-арнасындағы суреттің астында.

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко Калашников автоматын ұстап, америкалық CNN телеарнасының эфиріне шықты.

Порошенко Киевте орналасқан аумақтық қорғаныс батальоны туралы айтты. Оған жазылу үшін кезек бар, бірақ қару-жарақ барлығына жетпейді. Кадрда экс-президент қолында пулеметпен көрінді.

 

– Менің көмегім осындай. Бұл Калашников… Бізде артиллерия да, танктер де, бронетранспортерлер де жоқ. Бұл процесті бір-екі күн бұрын іске қостық. Бірақ оны екі күнде орындадық, – деді Порошенко.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Дегенмен Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.