Порнографияны көп көрудің қауіпті салдары аталды

0
18

Психологтар мен сексотерапевттер Джанет Брито және Меган Флеминг порнографиялық бейнелерді жиі көретін адамдарда болуы мүмкін қауіпті салдарды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олардың айтуынша, ересектердің фильмдерін үнемі қарау серіктеспен қарым-қатынаста қиындықтар туғызады.

Мамандар эротикалық бейнелерден бас тартудың қажеті жоқ, бірақ порнографияны тек ойын-сауық түрі ретінде қабылдап, сексуалдық өмірдің бөлігіне айналдырмау керек екенін атап өтті. Брито мен Флеминг адамның мұндай бейнелерге тым көп қызығушылық танытатындығын куәландыратын бес факторды атады.

Бірінші кезекте психологтар порнографияны көру жыныстық қатынасқа өзгерістер алып келу, келмеуін түсінуге шақырды. Бритоның пікірінше, оны адам серіктесімен интимді уақытты өткізудің орнына, осындай контенттегі сайтқа үнемі кіруді қалайтын жағдай куәландырады.

Ол, сонымен қатар, порно көбінесе шынайы жақындыққа деген қарым-қатынасты бұрмалайтынын және қарым-қатынаста стандартты емес әдеттерді қалыптастыратынын атап өтті. Дәрігерлердің айтуынша, роликтерге шамадан тыс қызығушылықтың салдарынан қатыгез секс, топтық және анальды секс қалыпты болып көрінеді. Мамандар видеоны оқу құралы ретінде қабылдауға болмайтынын түсіндірді.

Сондай-ақ, Брито егер серіктестің бірі порнографияны жиі көретін болса және оны жасырса, онда қарым-қатынаста екінші адам ыңғайсыздық пен жалғыздықты сезіне бастайды. Оның пікірінше, бұл жағдайда ұялудың қажеті жоқ, керісінше, жұптардың бір-бірімен талқылағаны жақсы.

Сексотерапевт актерлердің сыртқы түріне байланысты үлкендерге арналған роликтердің әуесқойлары өздерінің жыныстық қатынасқа қатысты қателіктері бар немесе келбетті көрінбеймін деп ойлауды бастайтынын атап өтті. Ол осындай ой қалыптасқан адамдарға бейнелердің негізсіздігін түсінуге кеңес береді, өйткені шын мәнінде секс басқаша көрінеді. Флеминг, сондай-ақ, оларды порноактерлермен салыстыра отырып, өз серіктестерінен кінәраттарды іздемеуге шақырды.