Польшада құпия ойынның салдарынан шыққан өрттен бес жасөспірім қаза тапты

0

Польшаның Солтүстік-батысында орналасқан Кошалин қаласында үлкен өрт шығып, салдарынан 5 жасөспірім қаза тапты.

Полиция қызметкерлері 15 жасар польшалық қыз өзінің туған күнін ерекше үрдісте атап өтуді қалаған. Осылайша, жабық ғимараттарда түрлі бас қатырғыштарды шешіп, әртүрлі жағдайдан жол табу көзделетін көпке танымал ойын бұл оқиғаның себіпшісі болуы мүмкін деп отыр.

Польшаның жергілікті уақыты бойынша кешкі сағат 5 шамасында басталған өртті ең алғаш 25 жасар азамат байқап, көмектесуге тырысқан. Алайда, ер азаматтың өзі қатты күйік шалып дереу арада ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда өрттің қалай пайда болғандығы туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда, Польшаның жергілікті БАҚ өкілдері қайғылы оқиғаға газ баллондарының жарылуы себеп болуы мүмкін деп жазуда.

Аталған оқиғадан кейін, Польша Ішкі Істер Департаментінің басшысы Йохим Брудзиньский жастар арасындағы танымал ғимараттардың өрт қауіпсіздігін тексеріп шығу туралы тапсырма берді. Сарапшылардың пікірінше мұндай орындар барлық Польша бойынша мыңнан асып түседі екен.

Польшадағы қайғылы жағдайға байланысты, жексенбі күні барлық Кошалин қаласында қаралы күн жарияланды.

«The Qazaq Times»