Польша католиктері Гарри Поттер туралы кітаптарды жағып жіберді

0

Польша солтүстігіндегі Кошалин қаласында католик дінбасылары көпшілік алдында сиқыршы бала Гарри Поттер туралы жазған жазушы Джоан Роулингтің кітаптарын «құдайды қорлау» деп көпшілік алдында жағып жіберді.

Өртелген кітаптардың суреті «Аспаннан хат» қорының Facebook парақшасында жарияланды. Дінбасының қасында балалар тұр. Жанған кітаптар туралы жазбада «сиқыр Библияға қайшы» деп жазған. Қор Киелі кітаптағы сиқыр туралы сөздерді береді.

Қолданушылардың бәрі бірдей қолдай қойған жоқ. Кейбірі «Гарри Поттердің атын атап, ешкімнің әлі қылмыс жасамағанын» жазса, басқаларға бұл акция Германия нацистерінің 1930 жылдары кітап өртегенін еске түсірген.

«Аспаннан хат» қоры Библияны және басқа да христиан кітаптаптарын таратып, әйгілендірумен айналысады.



Azattyq