Полицияның бұрынғы қызметкерлері заңсыз жолмен Қытайдың азаматтарын Жамбыл облысына көшіріп әкелген — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен ұзақ уақыт бойы заңсыз жолмен Қытай азаматтарын Жамбыл облысына әкеліп жүрген топ ұсталды. Бұл туралы Bnews.kz сайтына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
ҚХР-дан шыққан мигранттардың заңсыз каналын Тараздағы миграциялық полицияның қызметкерлері ұйымдастырған. Нақтырақ айтқанда, бұрынғы жетекші Б.Наурызбаев ҚХР-дан шыққан дәнекерші У.Силамбекпен келісімге келген, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Аталған топ жалған құжаттарды жасап, азаматтарды заңсыз түрде Жамбыл облысында құжаттандырды. Бұл облыста 170-тен аса ҚХР азаматы бар. Оларға Қазақстанда емін-еркін өмір сүруі үшін жалған құжаттар берілген.
2019 жылы 5 наурызда Тараздың №2 қалалық сотында осы іске қатысты үкім шықты.
А.Зейдалиев ҚК 361 баб, 4.4 бөлігі (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 394 баб, 4.2 бөлігі (Заңсыз көші қонды ұйымдастыру) бойынша айыпталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Б.Наурызбаев ҚК 361 баб, 4.3 бөлігі 394 баб, 2 бөлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
У. Силамбек 394 баб, 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үшеуі де жазаларын қауіпсіздігі орташа түзеу колониясында өтейді.
stan.kz