Полиция зорланған баланың жеке мәліметін таратып жіберді: министрлік түсініктеме берді
Қысқа сілтеме алу
Кішкентай қызды анасымен бірге тұрған ер адам зорлап, қашып кеткен. Артынан оның өлі денесі табылды
НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев ШҚО-да зорланған 7 жасар қыздың жеке мәліметтерінің жариялануына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Тергеу кезінде осы қылмыстың себеп-салдары анықталады. Содан кейін тиісті шешім қабылданады. Ал жеке мәліметтерді жариялауға қатысты полицейлердің кінәсі дәлелденсе, олар да жауапқа тартылады», — деді Қожаев журналистерге берген сұхабатында.
Айта кетейік, бұған дейін құқық қорғаушы Дина Смайылова Шығыс Қазақстан облысында болған оқиға жайында баяндаған болатын. 28 қазанда Шемонаиха қаласында 7 жасар қызды зорлап кетті.
«Полиция бағыттаманы таратты. Ол әлеуметтік желілерге де шығып кеткен. Онда арыз жазған адамның аты-жөнін және тұрғылықты жерін ашық көрсеткен», — деп жазды ол.
Келесі күні таратылған ақпаратқа сәйкес, кішкентай қызды анасымен бірге тұрған ер адам зорлаған. Ол қылмыс жасағанда мас болды. Артынан оның өлі денесі табылды. Ер адам өз-өзіне қол салды деген болжам бар.
Тағы оқыңыз: Алматыдағы қонақүйлердің бірінде ер адам туған қызын өлтірді
sputniknews.kz