Полиция журналист Светлана Глушкованы тағы да ұстады

0

Қазақстан астанасындағы Назарбаев әуежайында «Настоящее время» арнасының тілшісі Светлана Глушкова ұсталды.

31 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында оның жолын бөгеген полиция қызметкерлері әзірге ұстау себебі туралы нақты уәж айта алмаған.

«Настоящее время» (Азаттық пен «Америка дауысы» радиоларының бірлескен жобасы) журналисі Светлана Глушкованы мұның алдында да полиция қамап, соңынан босатқан. Биылғы 22 наурызда Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында полиция адамдарды ұстаған кезде Азаттық радиосы мен «Настоящее время» тілшілеріне белгісіз адамдар кедергі жасап, оқиғадан жаңалық таратпақшы болған Светлана Глушкованы полиция бөліміне алып кеткен болатын. «Азат Еуропа/Азаттық радиосы» медиакорпорациясы президенті міндетін атқарушы Дэйзи Синделар бұл оқиғаны «тәуелсіз журналистерге қысым және саяси оқиғалардан хабар таратуға тырысқан ақпарат құралдарын бақылауда ұстау әрекеті» деп атаған.

(Жаңалық толықтырылады)

Azattyq