Полиция жұмысын реформалау талабы орындалды ма?

0


Денис Тен қазасынан кейін қазақстандықтар «қылмыс полицияның салғырттығынан болды» деп, ішкі істер министрлігін реформалауды талап еткен. «Президентен бұйрық алсам отставкаға кетуге дайынмын» деген министр Қалмұхамет Қасымов қызметінде қалып, қоластындағылардың жұмысын өзгертуге кіріскен. Мысалы, жақында полицияның жаңа формасы ұсынылды. Бірақ белсенділер «форма ауыстыру- реформа емес» дейді.

Дереккөз: Азаттық