Полиция жақында қайтыс болған танымал журналистің өліміне қатысты іс қозғады

0

ҚР Ішкі істер министрлігі журналист Қалыбек Атжанның өліміне байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Журналист Facebook парақшасында Айна Бакеева ұсынған тыныс алу жаттығуынан кейін денсаулығының нашарлағандығын жазған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың 11 тамызында қазақстандық журналист Қалыбек Атжанның 9 тамызда қайтыс болу фактісі бойынша шағым түсті. Ол 7 тамызда Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында А.Бакеева ұсынған тыныс алу жаттығуынан кейін денсаулығының нашарлағандығын хабарлаған болатын. 2011 жылдың 11 тамызында аталған шағым ІІМ Ақпараттарды тіркеу кітабына тіркелді және Қылмыстық-процестік кодекстің 181-бабы 5-тармағы тәртібімен тиісінше тексеру жүргізу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облыстық департаментіне одан ары беру мақсатында Жамбыл облыстық полиция департаментіне жіберілді», — делінген ҚР ІІМ таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Жамбыл облыстық полиция департаменті тексеруінің қорытындысында процестік шешім қабылданады.