Полиция Жанболат Мамайды ұстамақ болды
Дәл қазір Алматыдағы Абай ескерткішінің алдында тіркелмеген Демократиялық партияның митингісі өтіп жатыр деген ақпарат Жанболат Мамайдың Facebook парақшасында жазылды. Митингіде тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай жиналғандар алдында билікті «қазақ тілі» мен СБЕРБАНК ісіне қатысты сынады. Полиция Жанболат Мамай мен оның жақтастарын полиция ұстамақ болған. Мамайды жақтастары полициядан арашалап қалды. Алайда, демпартияның бірнеше жақтасы ұсталғаны хабарланды. Митингіге прокуратура өкілі келіп бұл митингінің заңсыз екенін айтып, жиналғандарды тарауға шақыруда.