полиция WhatsApp-та тараған ақпаратқа түсініктеме берді

0

Тұрғындарды 26 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан секілді Павлодар да карантинге жабылады деген ақпарат шошытты

АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Павлодар полициясы коронавирус инфекциясының тарауына байланысты Павлодардың жабылуы туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова хабарлады.

Полицияның ақпараты бойынша, 25 наурызда WhatsApp желісінде «26 наурыз таңертең сағат 08.00-де Павлодарды жабады, шығуға тыйым салынады» деген ақпарат тараған.

Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Қазір полиция төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігі), сондай-ақ аудиохабарлама авторын және әлеуметтік желіде хабарламаны таратушыны анықтауға бағытталған іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті тұрғындарға шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауды ұсынады. Төтенше жағдай кезінде жасалған осы әрекет үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге басбостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеледі. Нақты ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну қажет.

Тағы оқыңыз: Қызылордада WhatsApp арқылы хабарлама таратқан әйелдердің басы бәлеге қалды

Мұндай фактілерді анықтау үшін полицейлер күн сайын әлеуметтік желіге мониторинг жүргізеді.

Арандатушыларды анықтау үшін полицияның барлық қажетті техникалық мүмкіндігі бар, делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 88 адамда COVID-19 анықталды: астанада  – 46 адам, Алматыда – 34 адам, Қарағандыда — екі адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Шымкентте — 2 адам, Жамбыл облысында  бір жағдай тіркелді, Солтүстік Қазақстанда — 1адам.

Еске сала кетсек, елде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол сәуірдің15-не дейін жалғасады.



sputniknews.kz