полиция Түркістан облысында болған оқиғаның мән-жайын айтты

0

Түркістан облысының полициясы атышулы видеоға қатысы барларды анықтап жатыр. Видеодағы ақпарат тексерілуде

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Желіде полиция сиренасын қолданып, артпен жүріп бара жатқан көлік кортежінің видеосы тарап кетті. Авторлар роликтің Түркістан көшелерінің бірінде түсірілгенін жазады.

Видео «Дорожный Контроль» тобының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

«Түркістан қаласы полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан қызметінен босатылғалы қала көшелерінде тағы осындай жайттар басталды. Жол ережесін бұзушылар жайраңдап жүр. Олар енді ұялмай Түркістанның орталық көшесінде «бәйге» ұйымдастырады», — деп жазады ролик авторы.

Қазіргі уақытта Түркістан облыстық полициясының департаменті роликтегі ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанды шулатқан «қара» кортеж: халықтың ашуына тиген жігіт кешірім сұрады

Айта кетсек, жазбада аты аталған Мейірхан полиция басқармасы басшысы қызметінен уақытша шеттетілген болатын. Бұған мектептің «даладағы дәретханасын дұрыс күзетпеген» мұғалім мен полиция басшысы арасындағы дау себеп болған.

Бұл оқиғадан соң мән-жайды анықтау кезінде сөзге келіп қалғандар бір-бірінен кешірім сұрады. Ал Мейірхан қызметінен босату туралы өтініш жазды.

Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүріп жатыр.



sputniknews.kz