Полиция: Теңіздегі оқиғаны зерттеп жатырмыз

29 маусымда әлеуметтік желіде «Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз жұмысшылар ауылында болған төбелес» делінген видео тарады. Бірнеше видеодан жұмысшылар киімін киген адамдардың азаматтық киім киген адамдарды ұрып-соққаны көрінеді.
Атырау облыстық полиция департаменті 29 маусымда түстен кейін Теңіз жұмысшылар ауылындағы оқиғаны зерттеп жатқанын хабарлады.
— Біздің қызметкерлер кетті. Ол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Анықтап жатырмыз. Әзірге анығын айта алмаймын, — деді Азаттыққа өзін кезекші ретінде таныстырған Аманғали Тілепберген.
Жылыой аудандық полиция департаментінің өкілдері де “әзірге не болғаны белгісіз, төбелес фактілері бар” деген хабар тарағанын айтты.
(Жаңалық толықтырылады).