Полиция Страсбург орталығында жұртқа оқ атқан ер адамды атып өлтірді

0
82

2018 жылғы 14 желтоқсан 08:26 148

Полиция Страсбург орталығында жұртқа оқ атқан ер адамды атып өлтірді

СТРАСБУРГ. ҚазАқпарат – Страсбург қаласының орталығында атыс жасады деген күдікке ілінген Шериф Шекат бейсенбі күні таңертең өлтірілді. Бұл туралы Франция елінің ішкі істер министрі Кристоф Кастанер баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Министрдің айтуынша, бейсенбі кешінде үш адамнан құрылған полиция жасағы Страсбург көшелерінің бірінен іздеуде болған қылмыскерге ұқсас ер адамды байқаған.

Тәртіп сақшылары оны тоқтатпақ болған, бірақ Шериф Шекат оларға қарай оқ жаудыра бастаған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оған оқ атып, қылмыскерді өлтірді.

Еске салсақ, сейсенбі күні кешкілік Страсбург қаласының орталығында, рождестволық жәрмеңкеге жақын маңда адамдарға атыс қаруынан шабуыл жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тауып, 13 адам жарақаттанды. Ел билігі бұл қылмысты лаңкестік актісі деп таныды.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz