Полиция қызметкерлерінің зейнетке шығу жасы ұзартылады

0
96
Фото: NewTimes.kz

Қазақстан полициясы зейнетке кешірек шығуы мүмкін. Қазіргі таңда Ішкі істер органдарының қызметкерлері 45-55 жасында зейнетке шығады. Бұл туралы ORDA хабарлады.

– Қазіргі уақытта көптеген тәжірибелі, кәсіби полиция қызметкерлері 45-55 жасында қызметтен кетуге, зейнетке шығуға, жұмыстан шығуға мәжбүр. Олар қазір әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 12 наурызда Сенаттағы үкімет сағатында.

Айта кетсек, Ресейде полиция қызметкерлері 60-та, Жапония мен Германияда 65 жастарында зейнетке шығады. Бұл мәселемен қазір Қазақстанның ішкі істер министрлігі де айналысуда.

– Біз зейнеткерлікке 52 жаста, яғни, подполковниктерді 55 жастарында, полковниктерді 58 жастарында, аға басшылықты 63 жаста шығару жоспарлануда, деп атап өтті министр.

Заңнамаға енгізілген бұл түзетулер қазіргі уақытта талқыланып жатыр.