Полиция қызметкерлері Тараздағы ТЖ қатысты жалған ақпараттарды жоққа шығарды

0

Жамбыл облысының Полиция департаменті аймақ тұрғындарын үрейленбеуге, дүрбелең тудырмауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Ғаламторда тарған жалған ақпараттарды жоқға шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазіргі таңда Әлеуметтік желілер мен мессенджерінде бүгін таңертең Тараз қаласының мөлтек аудандарының бірінде орын алған оқиға бойынша жалған мәліметтер таратылуда. Атап айтқанда, тұрғын үй қабырғасы сөгіліп, жарылыс салдарынан 20-ға жуық адам қаза тапты деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — дейді аймақтық полиция баспасөз қызметі.

Ресми ақпарат көздеріне сәйкес, оқиға салдарынан алты адам түрлі дәрежеде жарақаттар алды, үш адам (екі әйел және бір ер адам) қаза болды. Зардап шеккен алты адамның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Осы үйдің қалған тұрғындары аман-есен, сондай-ақ 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Осыған байланысты Жамбыл облысының Полиция департаменті аймақ тұрғындарын үрейленбеуге, дүрбелең тудырмауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz