Полиция қызметкері ауыр жарақат алды: Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті соқты — Қазақстан жаңалықтары

0

 

Алматыда мас жүргізуші блок-бекетке барып соғылып, нәтижесінде бір полицей жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

тайота

Оқиға 2 сәуір күні сағат 15:00 шамасында Алматының Алатау ауданында орын алған. 

“Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылының тұрғыны, 1970 жылы туған А. есімді азамат “Тойота Ипсум” маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің солтүстік бағытында № 4 бақылау-өткізу бекетіндегі металл турникетпен соқтығысқан. Әрі қарай қозғалысты жалғастыра отырып, жүргізуші тоқтап тұрған “Киа” маркалы полиция көлігімен бетпе-бет соқтығысып, содан кейін шетте тұрған “Лада Приора” мен “Тойота Камри” көлігімен соғысқан. Қызметтік көліктің жүргізушісі, полиция аға сержанты Мереке Отарғазы екі аяғының сынығымен жедел ауруғанаға жеткізілді. Болжам бойынша минивенді мас жүргізуші басқарған. Енді оның алкогольге немесе есірткіге мас болғандығын анықтау үшін медициналық тексерістен өтеді. Бақытымызға орай, бекетте тұрған адамдар көп болғанымен, басқа азаматтар зардап шеккен жоқ: бірнеше бөлімнің өкілдері осында қызмет етеді”, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі  Салтанат Әзірбек.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қылмыстық іс жүргізуді Алматы облысы ПД қызметкерлері өз қадағалауларына алыпты. 

 

https://www.youtube.com/watch?v=fTYpdsKMg1I

 

stan.kz