Полиция Қордайдағы жанжалға байланысты тергеу бастағанын хабарлады

0

Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы аймақтағы Қордау ауданы Масанчи ауылында болған тұрғындар арасындағы төбелеске байланысты тергеу бастағанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша жүргізіледі.

Департаменттің ақпаратынша, 7 ақпанда Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жанжал шыққан. Орган төбелеске не түрткі болғанын хабарламады.

«Полицейлер жанжалды тоқтатты. Жағдай қазір бақылауда» деп мәлімдеді департамент.

Ведомство жанжал шығарғандар мен төбелескендерді анықтап жатқанын хабарлады.

Жамбыл облыстық полиция департаменті жұртты «тек ресми ақпаратқа сенуге, желіде тараған ақпараттарға сенбеуге шақырды».

Azattyq