Полиция Қарағандыда тастанды сәбидің ата-анасын тапты

0

Полиция қараусыз қалған сәбидің ата-анасын Қарағандыдан тапты.

Жаңа туған нәресте есік алдынан табылды. Полиция баланы қауіп-қатерге қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бірнеше күн бұрын полицияға кіреберісте тасталған нәресте туралы хабарланды. Баланы жедел жәрдем дәрігерлері бірден алып кетті.

«Бұл қылмысқа күдікті 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел анықталды. Қазір біз мән — жайларды анықтап жатырмыз», — деді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Басқа мәліметтер  жоқ.

фото: orda.kz