Полиция өзін зорлады, деп жалған шағым түсірген әйелдің өтірігін әшкереледі — Қазақстан жаңалықтары
Алматы облысының полиция қызметкерлері өзін зорлады, деп жалған шағым түсірген әйелдің өтірігін әшкереледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысының сотқа дейінгі тергеулер бөліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419 с. жалған шағым түсіру фактісі бойынша іс қозғалды.
48 жастағы әйелдің зорлау әрекеті туралы арызы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында ешқандай әрекет жасалмағаны белгілі болды. Өткен жылдың тамыз айында болған жанжалдан кейін жалған жәбірленуші өзінің 41 жастағы туған бауырынан кек алу мақсатында оған жала жапқан. Түсірілген шағымға байланысты, ер адам іздеуде болған. Өзіне іздеу салынғанын білмеген інісі, үйінен 120 шақырым қашықтықта орналасқан жерде қойшы болып жұмыс істеген. Ол байланыссыз болғандықтан, оны жедел түрде табу мүмкін болмады. Ер адам табылған кезде, әпкесінің шағымы бойынша іздеуде жүргеніне қатты таңғалған. Тергеу барысында ол өзінің жазықсыз екендігін күмәнсіз дәлелдей алды.
Жалған шағым түсіргенін мойындаған әйелге қатысты қаладан кетпеуі үшін алдын-ала қолхат алынды.Соттың ендігі ісі әйелге тиісті жазасын тағайындау, яғни айыппұл салу, түзеу жұмыстарын орындату, тіпті бас бостандығынан айыруы әбден мүмкін.
Алматы облысының ПД баспасөз қызметі
stan.kz