Полиция Нұр-Сұлтанда тыр жалаңаш серуендеген тұрғынды ұстады – видео

0

Қоғамдық тыныштықты бұзған ер адамды дәрігерлер алып кетті, деп хабарлады полиция

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Елорданың тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан көшелерімен тыр жалаңаш күйінде серуендеген ер адамды полиция бөлімшесіне жеткізді.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің Sputnik Қазақстанға хабарлауынша, оқиға 22 шілде күні сағат 20:45-те Бөгенбай батыр көшесі мен Жеңіс даңғылының қиылысында болған.

Қоғамдық тәртіпті бұзған еркек 49 жаста болып шықты.

«Полиция экипажы ер адамды полиция бөліміне жеткізіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер тексергеннен кейін 1970 жылы туған тұрғынды алып кетті», – деп хабарлады департаменттегілер.

Айта кетейік, елордада жалаңаш жүрген ер адамның видеосы танымал пабликтердің бірінде жарияланды. Видеожазбаның астында қолданушылардың бірі ер адамның астанадағы 35 градус ыстыққа шыдай алмағанын жазса, енді бірі бәстен жеңіліп қалған деп болжады.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз