Полиция мектеп түлектеріне үндеу жасады

0

Ішкі істер министрлігі мектепті бітірген күні тәртіпті сақтауға шақырды.

25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде сынып сағаттары өтеді. Бұл күні қоғамдық тәртіп пен жолдардағы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

«Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына полиция қызметкерлері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады»,
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев атап өтті.

Көбінесе “соңғы қоңыраулардан» кейін түлектер ата-аналарының рұқсатымен өз бетінше тойлауды жалғастырады. Кәмелетке толмағандар көлік жүргізіп, қайғылы жағдайларға әкеп соқтырған жағдайлар болды.

«Мұндай жағдайлар Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматыда болған. Сондай-ақ, кейбір балалар ата-аналарының қарауынсыз тыйым салынған жерлерде шомылды, бұл да жазатайым оқиғаларға әкеп соқтырды, атап айтқанда мұндай фактілер Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарында орын алды. Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз», — деді
Алекешев.

Қауіпті жағдайда қазақстандықтарға шұғыл қызметтерге қоңырау шалу ұсынылады.