Полиция мән-жайды айтты: Түркістан облысында қыздарына қысым көрсеткен өгей ана қамауға алынды — Қазақстан жаңалықтары
Сурет: Otyrar.kz/ коллаж Stan.kz
«Әлеуметтік желілерде таралған Жетісай ауданындағы бір отбасында орын алған оқиға анықталды.
Балаларды ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-не сәйкес тіркеліп, «Кәмелет жасқа толмаған баланы тәрбиелеуге қатысты міндеттерін орындамау» бабымен тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті оқшаулау орнына қамалды.
Аталған қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен облыс прокурының тікелей бақылауында», — делінген хабарламада.
Түркістан облысы Полиция департаменті кәмелет жасқа толмағандарға күш көрсету әрекеттері бейнеленген фото және бейнематериалдарды әлеуметтік желілер арқылы таратуға ҚР ҚК-нің 147-бабы «Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Бұған дейін өгей ана қыздарына жантүршігерлік әрекеттер жасағанын жазған едік.
stan.kz