Полиция мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады

0

Абай облысында криминалдық полиция қызметкерлері жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топ төрт адамнан тұрған, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілердің 50-ден аса жылқы ұрлағаны анықталды. Олардың бірі шаруа қожалығын басқарған. Ұрланған малды далалы жерге апарып, етін сату үшін сойып отырған. Тірі жылқыларды КамАЗ-бен оңтүстік аймаққа, ал етті облыс базарларына апарған. Қаскөйлер қамауға алынды.

«Жалпы кейінгі бес жылда мал ұрлығы 64 пайызға азайды. Жыл басынан бері 419 мал ұрысы ұсталды. 65 қылмыстық топ жойылды. 3,5 мыңға жуық мал иелеріне қайтарылды. Айта кету керек, мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.