Жеке куәлік жасайтын қылмыстық топ бар, құны 1 млн. теңге — Абзал Құспан

0

«Елде жеке куәлік жасаумен айналысатын қылмыстық топ бар. Бұл мәселемен ішкі істер министрлігі айналысуы керек деп есептеймін. Шамамен 1 млн теңгеге жасатып алуға болады» дейді заңгер Абзал Құспан.

Ол бұл пікірін Абай Сейфуллаұлының «Қасқа жол» каналына берген сұхбатында айтты.

Сұхбатта Тұрсынбек ісі туралы жан-жақты талқыланып, Ая Мантайдың өлімі жайында деректер айтылды. Сонымен бірге Бергей Рысқалиев, Әкежан Қажыгелдин туралы да айтылды.