Полиция департаменті: Алматыдағы қылмыстық жағдай тұрақты
ПД деректері бойынша, өткен жылы елордада қоғамдық тәртіпті қорғауға Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұлттық гвардиясының 2000-нан астам полиция қызметкері мен әскери қызметкер қатысты, 550 патрульдік маршрутты қамтыды, оның ішінде: 300 жол және 250 жаяу. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қорғауға және сақтауға көмектесетін 2 қоғамдық құрылым мен 206 түрлі ұйымның топтары қатысты. Олардың көмегімен өткен жылы 170 қылмыс шешілді, 13 мың 190 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
«Алматы қаласының үлесі, республикадағы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 21,7%-ын құрайды. Ауыр қылмыстарды анықтау 46,4%-ды құрайды (2,2%-ға жақсарған), шабуыл – 74,4% (3,6%-ға жақсарды), тонау – 34,2% (1,3%-ға жақсарды), бөтеннің мүлкін ұрлау – 29,7% (0,7%-ға жақсарды), пәтерлерден ұрлық – 37,8% (1,0%-ға жақсарған), бөтеннің мүлкін иемдену – 100,0% (16,7%-ға жақсарды), қорқытып алу – 100,0% (5,6%-ға жақсарды), бұзақылық – 50,6% (5,5%-ға жақсарды), алаяқтық – 58,0% (7%-ға жақсарды)», — деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.
Сонымен қатар, өткен жылы бұрын жасалған 6 мың 570 қылмыс полиция қызметтері мен бөлімшелерімен шешілді, оның ішінде 1 мың 531 бұрынғы жылдардағы қылмыстар болды.
«2018 жылдың қорытындысы бойынша тұтастай алғанда барлық желілердегі қылмыстар саны азайды. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар – 22,3%-ға азайған, ауыр – 18,5%, өлтіру – 23,6%, зорлау – 15,6%, тонау – 10,7%, бөтеннің мүлкін ұрлау – 0,9%, пәтерден ұрлық – 19,4%, қорқытып алу – 15%, бұзақылық – 33,4%-ға азайған. Бұдан басқа, мас күйінде жасаған қылмыстардың саны – 23,4-ға азайды», — деді подполковник С.Әзірбек.
Алматы қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
Дереккөз: http://egemen.kz/