полиция апаттың нақты себебін атады
Қысқа сілтеме алу
Тергеу 26 маусымға дейін жалғасатын болады
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Елорданың полиция департаменті 26 наурыз күні елордада болған ірі жол-көлік оқиғасының себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаевтың айтуынша, №303 автобустың жүргізушісі есінен танып қалған.
«Біз қылмыстық іс қозғадық. Сот-медицина сараптамасына сәйкес, №303 автобустың жүргізушісі Оспанов есінен танған. Салдарынан жол-көлік апаты болды. Тергеу 26 маусымға дейін жалғасады», — деді Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтандағы 3 автобус апаты
Айта кетсек, биыл 26 наурызда елордағы Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңына қатынайтын №303 автобус пен №12 автобус соқтығысқан. Кейін оларға №53 қоғамдық көлік пен жедел жәрдем көлігі соғылды.
Жол апаты салдарынан 53 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы қыз қаза тапты. 30-ға жуық адам зардап шекті.
Сараптамаға сәйкес, автобус жүргізушісінің жүрегі ауырған. Сол күні жүрегі сыр беріп, қан айналымы баяулаған. Миға қан бармағандықтан, жүргізуші есінен танып қалыпты.
sputniknews.kz