Алматыда Тоқаевтың жолдауын қолдаған митинг туралы полиция пікір білдірді

Алматыдағы митинг кезінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Жергілікті атқарушы орган рұқсат еткен митинг штаттық режимде өтті. Тәртіпбұзушылық болған жоқ. Шараға жүзге жуық адам қатысты», — деп жазылған хабарламада.
Митинг кезінде Шевченко көшесінде (Пушкин және Қонаев көшелері араслығы) көлік қозғалысы тоқтады.
«Митингіге қатысушылар Қазақстан заңнамасын сақтады», — деді полицияда.
Еске сала кетсек, Алматыда карантин басталғалы алғаш рет рұқсат етілген митинг 13 қыркүйек күні өтті. Бейбіт жиынды өткізу мерзімі – 11.00-ден 14.00-ге дейін болды.
Белсенділер Шоқан Уәлиханов атындағы скверге жиналды. Олар кредиттік амнистия мен шетелдіктерге жерді жалға беруге тыйым салуды талап етті. Сондай-ақ, плакаттарда «саяси тұтқындарды босату туралы» талап та болды.