Полицейлерге наразылығын білдірген әйел көлік астына түсті (видео)

0
27
Фото tengrinews.kz сайтынан алынды

Алматы орталығындағы жолайрықта заңсыз саудамен айналысқан әйел, саудаға тыйым салған полицейлердің әрекетіне наразылығын айтып, көлік астына түсті. Оқиғаға YouTube желісіндегі танымал LIFE KZ арнасының блогері Ринат Қибраев куә болған, деп хабарлайды kznews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Көше саудагерлері Алмалы аудандық полицейлерінің әрекетіне наразы», ​​- дейді блогер.

Видео авторы Алматыдағы күрделі экономикалық жағдайға байланысты көшеде сауда жасауды заңдастыруды ұсынды. Блогердің айтуынша, әлемнің бірқатар қалаларында осындай саудаға рұқсат етілген.