Полицейлерге ипотека алуды жеңілдету ұсынылып отыр

0
ипотека пәтер несие баспана тұрғын үй
Фото: Kn.kz

Қазақстанда ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы әзірленді. Бұл туралы бүгін “Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығы” атты конференция барысында  ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов айтты.

Жол картасының жобасы әзірленіп, барлық мемлекеттік органмен келісілді. Енді Үкімет  тиісті қаулы қабылдап, Сағынтаев мырза қол қоюы қажет. Көп өзгеріс, 9 тармақ бар. Бұл тармақтардың өзін полициядағы революция десек те болады, – деді Марат Қоғамов.

Оның айтуынша, жол картасында көптеген өзгерту қарастырылған.

Өте көп өзгеріс күтіледі. Бұл жеке құрам санын қысқартуға ғана қатысты емес. Ол: қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсарту, жалақысын көтеру, сараланған жалақы, полицейлердің ипотекаға тез арада қол жеткізуі. Бұл ретте ипотеканы жергілікті бюджет тарапынан жартылай дотациялау, министрлік, жалпы мемлекет тарапынан бастапқы жарнаға көмек көрсету болуы мүмкін. Өздеріңіз де білесіздер, қазір банктердің бастапқы жарнасы тым жоғары болғандықтан кез келген азамат ипотекалық кредитке қол жеткізе алмайды, – деді Қоғамдық кеңес төрағасы.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz