«Полицейлерге беремін»: Пара беруде делдал болған қорғаушы сотталып кетті — новости Казахстана
Қарағандыда Түркия азаматының көзінше полицейлердің мәртебесін түсірген қорғаушы әйелді ҰҚК қызметкерлері тұтқындады. Ол шетелдік азаматтан 300 000 теңге сұрап, оны тәртіп сақшыларына апарып беремін деп алдаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Шетелдік азаматты миграциялық полиция шақыртқан. Миграция жөніндегі заңнан хабарсыз ер адам адвокат жалдап, полицейлердің алдына барған. Ол жерде полицейлермен біраз тілдескен қорғаушы клиентіне полицейлердің оны заңсыз жұмыс істегені үшін айыптап отырғанын хабарлаған.
Тергеу нұсқасы бойынша, адвокат полицейлерге 300 мың теңге беруге кеңес беріп, ортада делдал болуға келіскен. Бірақ түрік азамат полицияға пара беруден бас тартып, ҰҚКД-не хабарласқан.
Пара алу сәтінде адвокат қамауға алынып, бір жарым жылға сотталды. Алайда үш жасқа толмаған баласы болғандықтан, жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды.
Тергеу барысында параны полицейлерге беретіні дәлелденбеді. Полицейлер ақша талап етпеген. Сондықтан оған алаяқтық жасады деген айып тағылды.
Адвокат аппеляциялық шағым түсіріп, 300 мың теңге еңбекақысы екенін дәлелдеуге тырысқан. Алайда сот алқасы бұған сенбеді.
«Сотта жасырын аудио және бейнабақылау көмегімен қылмыстық жауапкершілікке жататын әрекет дәлеледенді. Сотталушы ақшаны миграциялық заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату мақсатында Қарағанды облысының миграциялық қызметінің қызметкерлеріне беруге тиіс болған. Тінту кезінде қаржы адвокаттың кеңесесінен тәркіленді. Сотталушының өтінішін қанағаттандырмауға шешім қабылданды», — деп Қарағанды облысының судьясы Рашид Нұрмағамбетов үкімін оқыды.
Дереккөз: kaz.nur.kz