Полицейлер мереке қарсаңында жаңа жылдың бас әшекейі – шыршаларды ерекше қорғауға алды

0

Райымбек ауданының 49 жастағы тұрғыны Жаңа жыл мерекесіне дайындық барысында ауыл маңындағы орман қорынан 7 метрлік шренка шыршасын заңсыз кесіп, үйіне алып келген.

Алматы облысының тәртіп сақшылары «Шырша» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Райымбек ауданында шренка шыршасын заңсыз кесудің екі дерегі анықтады деп жазады zakon.kz.

Райымбек ауданының 49 жастағы тұрғыны Жаңа жыл мерекесіне дайындық барысында ауыл маңындағы орман қорынан 7 метрлік шренка шыршасын заңсыз кесіп, үйіне алып келген.

Сондай-ақ, шренка шыршасын кесудің екінші дерегі басқа ауылында тіркелген. 27 жастағы ауыл тұрғыны 5 метрлік шыршаны заңсыз кесіп, үйіне алып келген.

«Орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен жіберілді. Күдіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда, оларға ірі көлемде айыппұл салынуы немесе қырық тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін»,- деп атап өтті Алматы облысының полиция өкілдері.

Айта кетейік, жаңа жыл мерекесі қарсаңында кезеңде табиғи байлығымызды, оның ішінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының өскіндерін заңсыз шабу, тасымалдау және сатуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 11-31 желтоқсан аралығында «Шырша» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Осыған орай, тәртіп сақшылары Орман шаруашылығы қызметтерімен бірлесіп, арнайы жұмыс топтарын құрды. Орман қоры бар аймақтардағы автожолдар бойында бекеттер орналастырып, патрульдеу қызметін жүзеге асыруда.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/