полицейлер мен наразы топ қалай әрекет етті – видео

0
37

Ішкі істер министрлігі 6 шілдеде елордада мен Алматыда өткен рұқсат етілмеген наразылық акцияларының видеосын жариялады

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты күш қолданылды, сондай-ақ өзге де азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төнді. Көлік қозғалысын жауып, жолдарда кептеліс тудыруға әрекет жасалды», – деп атап өтті министрлік.

Жарияланған бейнежазбадан ер адам полиция қызметкерінің киімінен қалай тартқанын, өзге қызметкерді акцияға қатысушылардың бірі теуіп жібергенін көруге болады. Кейбір адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлерін итермелегені камераға түсірілген.

6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда полицейлер рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін 100-ден астам адамды ұстады. Олардың ішінде 44 адам әкімшілік жазаға тартылды, 19 адамға әкімшілік қамауға алынып, 23 адамға айыппұл салынды. Басқа адамдар әңгімелескеннен кейін босатылды, деп хабарлады ІІМ.



sputniknews.kz